Табиғатты қорғау - ортақ парыз!

Табиғатты қорғау - ортақ парыз!

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірлерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының мемлекеттік инспекторлары жаппай көшет отырғызу шарасын өткізді. Бұл экологиялық шара Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтың «Әрбір егілген ағаш - ел болашағына салынған инвестиция!» атты үндеуіне қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылды. Республиканың барлық аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамы бекітілген дислокация орындарына іргелес аумақтарда бір мезетте ағаш егу жұмыстарын жүргізді. Эстафеталық сипатта өткен шара барысында әрбір бөлімше кемінде 5 түптен жас көшет отырғызып, айналаны абаттандыруға атсалысты. Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті алдағы уақытта да табиғатты қорғауға бағытталған шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.