Болашақ мамандармен диалог

Болашақ мамандармен диалог

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде студенттер мен сала мамандарының қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Жиынның негізгі мақсаты - болашақ кадрлардың химия және мұнай-химия секторларындағы кәсіби жауапкершілігін арттырып, нысандардағы оқыс оқиғаларды болдырмау әдістемесін таныстыру. Маңғыстау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының өкілі Н. Найзабеков қатысушылармен бірге қауіпті өндіріс орындарындағы тәуекелдерді еңсерудің жаңашыл жолдарын талқылады.