Өңірлердегі өзекті мәселелер талқыланды

Өңірлердегі өзекті мәселелер талқыланды

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төраға  м.а. Нұржан Қалдыбекұлы аумақтық бөлімшелермен онлайн форматта жұмыс кеңесін өткізді. Жиында салалық қауіпсіздікті нығайту шаралары мен алдағы міндеттер айқындалды. Негізгі мақсаты - өңірлердегі ахуалды саралап, өзекті мәселелерді шешу жолдарын белгілеу. Кеңес барысында көтерілген түйткілдер жан-жақты зерделеніп, оларды оңтайландырудың тәртібі қарастырылды.