Ақтөбе облысында жарылғыш материалдармен жұмыс істеу талаптары күшейтілді

Ақтөбе облысында жарылғыш материалдармен жұмыс істеу талаптары күшейтілді

Ақтөбе облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасында  қауіпті өндірістік нысандардағы қауіпсіздік мәселелері бойынша техникалық кеңес өтті. Жиынға Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің өкілі мен жарылыс жұмыстарын жүргізетін кәсіпорын басшылары қатысты. Жиын барысында өнеркәсіптік мақсаттағы жарылғыш материалдарды сақтау және пайдалану тәртібін қатаң сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушылар авариялар мен оқыс оқиғаларды болдырмау, сондай-ақ жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалуын алдын алу шараларына ерекше назар аударды. Кеңес қорытындысы бойынша мекеме басшыларына өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жауапкершілікті арттыру бойынша нақты нұсқаулар берілді. Бұл шаралар аймақтағы өндіріс орындарының тұрақты жұмысын сақтауға және төтенше жағдайлардың тәуекелін азайтуға бағытталған.