
Елордалық студенттер «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан «Өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау» бойынша 14-ші Қазақстандық халықаралық KIOSH көрмесіне қатысты. Іс-шара салалық Жол картасын іске асыру және өзара ынтымақтастық меморандумы аясында ұйымдастырылды. Астана қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мамандары студенттер үшін арнайы танымдық экскурсия жүргізіп, қауіпті өндірістік нысандарда қолданылатын жеке қорғаныс құралдары мен диагностикалық құрылғыларды таныстырды. Бұл бастама болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруды және өндірістік қауіпсіздік саласындағы жаңа технологиялармен танысуын көздейді.