Өндірістік қауіпсіздік: Бірыңғай түсінік пен ортақ стандарттарға жол

Өндірістік қауіпсіздік: Бірыңғай түсінік пен ортақ стандарттарға жол

       28-30 сәуір аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында «Зақым келтірмей тексеру және техникалық диагностика» - NDT Qazaqstan атты конференция ұйымдастырылды.  Пленарлық сессияның басты мақсаты - бұзбайтын бақылау саласында бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру. Жиын барысында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төраға орынбасары К.А. Есенеев «Апаттардың алдын алу құралы ретінде бұзбайтын бақылау және өнеркәсіптік тәуекелдерді басқару: мемлекеттік және қадағалау органдарының рөлі» тақырыбы аясында баяндама ұсынды. Сондай-ақ өндірістік қауіпсіздікті бақылауда мемлекеттік органдардың маңызы мен диагностика нәтижелеріне сенім білдіру мәселелеріне тоқталды.   Конференция нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында бұзбайтын бақылаудың бірыңғай түсінігін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірленді.