Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «KIOSH 2026» халықаралық конференциясына қатысты

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «KIOSH 2026» халықаралық конференциясына қатысты

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті 2026 жылғы 28-30 сәуір аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында өткен «KIOSH 2026» еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 14-ші Қазақстандық халықаралық конференциясы мен көрмесіне (бұдан әрі – KIOSH) қатысты.

KIOSH – еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылауға, сондай-ақ осы саладағы озық білім мен үздік практикалармен алмасуға арналған мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосатын негізгі халықаралық платформалардың бірі.

29 сәуірде ҚР ТЖМ ӨҚК Төраға орынбасары Н.Қ. Ысқақов «Өнеркәсіптік қауіпсіздік – кәсіпорын мәдениетінің ажырамас бөлігі» атты панельдік сессия жұмысына қатысты. Сессия аясында жасаған баяндамасында ол келесі өзекті тақырыптарға  тоқталды:

  • Өндірістік қауіпсіздік: Кәсіпорындардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін жүйелі түрде арттыру
  • Қауіпсіздік мәдениеті: Қауіпсіз өндіріс мәдениетін қалыптастыру және оны ілгерілету
  • Мемлекеттік бақылау: Мемлекеттік қадағалау тетіктерін жетілдіру
  • Цифрландыру: Осы саладағы заманауи цифрлық құралдар

Осылайша, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің заманауи тетіктерін енгізу кәсіпорындардың тиімді жұмысына кепіл болып, жалпы ұлттық индустрияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді.