Қағидаларға түзетулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобы

Қағидаларға түзетулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобы

     Өткен жылдан бері «Азаматтық қорғау туралы» Заңға мемлекеттік бақылауды күшейтуге, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қауіпті нысандардағы апаттық-құтқару қызметіне қойылатын талаптарды қатаңдатуға негізделген бірқатар маңызды толықтырулар енгізілді. Өндірістік қадағалау бөлімдерінің штаттық нормативтері нақтыланды. Жалпы алғанда 38 нормативтік құқықтық акт түзетуден өтті. Бұл жаңашылдықтардың барлығы өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін көтеруді көздейді. Келесі қадам – салалық ережелерді жаңарту. Осыған орай, осы жылдың 27 сәуірінде ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі Қ.А. Есенеевтің төрағалығымен алғашқы ұйымдастыру кеңесі өтті. Топ құрамына бизнес-қоғамдастық, ғылыми және сарапшылық ұйымдардың өкілдері тартылды. Қолданыстағы талаптарды қайта қараудың өзектілігі мынадай факторларға байланысты:

  • өндіріс орындарындағы қауіпсіздікті нығайту
  • заманауи технологияларды қолданысқа енгізу
  • жинақталған іс-тәжірибені ескеру
  • нормативтерді іс жүзінде қолдану кезінде туындаған кедергілерді жою.

Ұсынылып отырған түзетулер келесі мақсаттарға бағытталға

  • қолданыстағы нормаларды айқындау және жетілдіру
  • өндірістік жарақаттану мен апаттар деңгейін төмендету
  • мемлекеттік бақылаудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру
  • салаға цифрлық шешімдерді интеграциялау.

Тиісті түзетулерді әзірлеу шаралары аталған топ қызметі аясында жалғасуда.