
Маңғыстау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мамандары Ш. Есенов атындағы университет студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты — болашақ мамандарды өндірістегі апаттардың алдын алу шараларымен таныстыру. Тәжірибелі мамандар студенттерге келесі бағыттар бойынша ақпарат берді:
Көрнекі презентациялар мен нақты мысалдар студенттердің өнеркәсіптік қауіпсіздіктің негізгі бағыттарын оңай түсінуіне көмектесті.«Мұндай іс-шаралар өңірдегі өндіріс орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін білікті кадрларды даярлауға септігін тигізеді», - деп атап өтті басқарма өкілдері.
Жиын соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, саланың қыр-сырымен танысты.