Өнеркәсіптік қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жаңа қадамдар

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті нығайту бағытындағы жаңа қадамдар

           «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС базасында мемлекеттік органдар мен өңірдің жетекші энергетикалық кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен ауқымды форум өтті. Жиынға «Самұрық-Энерго» АҚ сарапшылары мен сала мамандары жиналып, өндірістік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады.

Басты басымдықтар:

  •   Құқықтық реттеу: 2026 жылдың қаңтарынан бастап «Азаматтық қорғау туралы» Заңның жаңа талаптары күшіне енеді. Соған сәйкес, өндірістік бақылау тетіктері қайта қаралып, кадрларды даярлау жүйесі заманауи стандарттарға бейімделеді.
  • - Технологиялық жаңғырту: Кәсіпорын жұмысына ЖИ технологиясы негізіндегі интеллектуалды бейнебақылау енгізілуде. Бұл жүйе қауіпсіздік ережелерінің сақталуын онлайн режимде қадағалап, тәуекелдерді жедел анықтауға мүмкіндік береді.

         Шара қорытындысы бойынша қатысушылар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.