Өнеркәсіптік қауіпсіздік: теория мен тәжірибе ұштасты

Өнеркәсіптік қауіпсіздік: теория мен тәжірибе ұштасты

             Болашақ мамандармен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелелері талқыланды. Қызылорда облысы ТЖД мен Қорқыт Ата атындағы университет арасындағы үшжақты меморандум негізінде студенттермен кездесу өтті. ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мамандары мұнай-газ саласындағы қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, арнайы бейнероликтер көрсетті. Шараның негізгі мақсаты — болашақ мамандарға өндірістік нысандардағы қауіпсіздік талаптарын таныстыру және құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ теориялық білімді нығайту.  Кездесудің қорытынды бөлімі ашық диалогқа ұласты. Болашақ мамандар көкейде жүрген сауалдарын ортаға салып, сарапшылардан мазмұнды әрі жан-жақты мәлімет алды.