Өндірістік қауіпсіздік: жаңа әдістер мен жетістіктер

Өндірістік қауіпсіздік: жаңа әдістер мен жетістіктер

           ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығында, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеевтің қатысуымен брифинг өтті.  Басты тақырып - қауіпті нысандардағы өндірістік бақылау қызметі. Шара барысында өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа әдістері мен атқарылған жұмыстың қорытындысы таныстырылды. Спикер заңнамалық реформалар мен цифрландыру жобаларының нәтижесінде өндірістік жарақаттану деңгейі айтарлықтай төмендегенін, сондай-ақ басты стратегиялық бағыт  өндірістегі апаттардың алдын алуға негізделген пәрменді бақылауды қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұлжытпай орындалуын қатаң қадағалау  екенін атап өтті. Жиын соңында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап беріліп, өндірістік қауіпсіздіктің өзекті аспектілері бойынша толыққанды ақпарат ұсынылды.