Департамент бастығы полковник М. Мырзагелдиевтің Жаңақорған ауданына іссапары

Департамент бастығы полковник М. Мырзагелдиевтің Жаңақорған ауданына іссапары

                 2026 жылғы 22 сәуірде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник М. Мырзагелдиев Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында орналасқан «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-да жұмыс сапарымен болды. Іссапар аясында «Шалқия» жерасты кенішінің қызметі, өртке қарсы мемлекеттік емес және авариялық-құтқару құрылымдарының жұмысы қаралды. Сонымен қатар кәсіпорында енгізілген персонал мен жерасты техникасын позициялау жүйесінің мүмкіндіктері таныстырылды. Аталған жүйе нақты уақыт режимінде бақылау жүргізіп, өндірістік қауіпсіздікті арттыруға және төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету тиімділігін қамтамасыз етеді.