Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы стратегиялық серіктестік

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы стратегиялық серіктестік

                  Астана қаласында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Жол картасын іске асыру мақсатында дөңгелек үстел өтті. Шара Төтенше жағдайлар департаменті мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылды. Басты мақсат - Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ғылыми-білім беру әлеуеті мен практикалық тәжірибені ұштастыра отырып, білікті кадрлар даярлау және қауіпсіздік мәдениетін жаңа деңгейге көтеру. Кездесу аясында меморандум талаптарына сай бірлескен іс-қимыл жоспары бекітіліп, маңызды мәселелер бойынша ортақ шешім қабылданды.