
«Altin Komir Service» ЖШС-не қарасты «Западная» шахтасында кеншілер мен құтқару қызметтерінің төтенше жағдайларға дайындығын тексеру мақсатында оқу-жаттығу дабылы өткізілді. Іс-шара Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы мамандарының қатысуымен ұйымдастырылды. Жоспар бойынша диспетчерлік пунктке К12 пластының забойын су басуы туралы хабарлама түсті. Диспетчер Апаттарды жою жоспарына сәйкес құтқарушыларды шақырып, қызметкерлерді эвакуациялау бойынша жедел шаралар қабылдады. Оқу-жаттығудың басты мақсаты — апаттық жағдай туындаған кезде шахта қызметкерлері мен құтқарушылардың іс-қимыл алгоритмін іс жүзінде пысықтау. Тексеріс нәтижесінде «Западная» шахтасының жеке құрамы мен техникалық қызметтерінің апаттық жағдайларға дайындық деңгейі оң бағаланды.