«Жомарт» кенішінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қарастырылды

«Жомарт» кенішінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қарастырылды

         Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаевтың, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Рашид Дубаевтың, сондай-ақ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің қатысуымен көшпелі кеңес өтті.

       Компания өкілдері кеніштің қазіргі аэрогаздық жағдайы туралы ақпарат беріп, бақылау жүйелерінің жұмысын көрсетті. Потенциалды қауіпті учаскелерде  дегазациялау жұмыстары жүргізілгені, сондай-ақ бейінді ұйымдарды тарта отырып, ғылыми-зерттеу жобалары іске асырылып жатқанын атап өтті.

         Қазіргі уақытта тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі жол картасын енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. Басты назар желдету жүйелерін жаңғырту, тәулік бойы аэрогаздық мониторингті күшейту, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін ескере отырып, технологиялық параметрлерді түзету жұмыстарына аударылды.  Бұдан бөлек, өндірістік жабдықтарды жаңартуды, қызметкерлерді позициялау жүйелерін дамытуды және апаттық шұғыл  құлақтандыру тетіктерін жетілдіруді қамтитын ұйымдастырушылық-техникалық шаралары  жүзеге асырылып жатыр.  Нысандардың техникалық жағдайын бақылау мемлекеттік инспекторлардың қатысуымен орындалады.