
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Жанболат Жасқайратұлы Жаншиннің төрағалығымен өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ақпараттық-түсіндіру іс-шарасына қатысты. Бұл жиын - мемлекеттік қызметтегі ашықтықты қамтамасыз ету және қызметкерлер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жоспарлы жұмыстардың бір бөлігі. Кеңестің негізгі мақсаты — жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру және қызметтік тәртіпті нығайту. Сонымен қатар, кез келген заң бұзушылық көріністеріне «мүлде төзбеу» қағидасын қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударылды. Іс-шара барысында келесі өзекті тақырыптар талқыланды:
Департаменттің жеке құрам бойынша инспекторы Олжас Батырханович Кайырханов өз баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары мен қызметкерлердің құқықтық жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірді. Ол заңнамадағы жаңашылдықтарға тоқталып, қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі шектеулерді еске салды. Іс-шара соңында Департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы Жанболат Жаншин әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті.