
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Орталық» өндіруші кәсіпорны» ЖШС-нің «Орталық Мыңқұдық» кенішінде көшпелі кеңес өткізді. Іс-шараға Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің бас сарапшысы, Департаменттің өзіндік қауіпсіздік тобының маманы, Созақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның облыс аумағындағы кәсіпорын басшылары қатысты. Кездесу барысында 2026 жылы күшіне енген заңнамалық өзгерістерге сәйкес өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын ұстануы және өндірістік процестерде ашық болуын қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Жиын аясында кеніш аумағындағы өндірістік нысандардың жай-күйі қаралып, қауіпсіздік талаптарының сақталу деңгейіне мониторинг жүргізілді. Қатысушыларға өндірістегі тәуекелдерді төмендету, жазатайым оқиғалардың алдын алу және төтенше жағдайлардың туындау ықтималдығын азайту бойынша нақты нұсқаулар берілді. Сонымен қатар, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзудың салдары, жауапкершілік шаралары және алдын алу жұмыстарының маңыздылығы түсіндірілді. Ерекше қауіпті өндірістік объектілерде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейін арттыру, өндірістік бақылауды күшейту және қолданыстағы заңнама талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету қажет екені ескертілді.