
2026 жылғы 23-27 ақпан аралығында Шымкент қаласында арнайы кезекті оқу жиыны өтті. Ұйымдастырылған жобаға жергілікті атқарушы органдардың газ және лифт шаруашылығы саласында қызмет атқаратын 62 инспектор қатысты. Сондай-ақ шара барысында қадағалау органдарының өкілдері, коммуналдық қызмет мамандары мен сала сарапшылары да бас қосты. Семинардың негізгі мақсаты — инспекторлар құрамының кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ нормативтік-құқықтық базадағы маңызды өзгерістерді және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін талқылау. Оқу бағдарламасы теориялық және практикалық сабақтардан құралды.
* Теориялық бөлімде: қатысушылар Шымкент қаласы газ-техникалық инспекциясының тәжірибесін зерттеп, тексеріс кезінде жиі кездесетін құқық бұзушылықтар қарастырылды. Одан бөлек өнеркәсіптік қауіпсіздік заңнамасының өзекті талаптарына талдау жасалды.
* Практикалық бөлімде: өндірістік және инфрақұрылымдық нысандарға барып, тексеру шаралары ұйымдастырылды. Инспекторлар «БайменФуд» ЖШС газгольдерінің, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Түркістан облысы бойынша нысандарының, Шымкенттегі «ҚуатЖылуОрталық-3» ШЖҚ КМП қазандығының және «Кәусар» тұрғын үй кешенінің лифт шаруашылығының жұмысымен танысты. Қатысушыларға технологиялық процестер, бақылау жүйелері және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы озық үлгілер көрсетілді. Осы сынды семинарлар өткізу инспекторлардың кәсіби біліктілігін нығайтуға, іс-тәжірибе алмасуға және мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігін арттыруға мақсатында жүзеге асырылып отыр.