Тәуекел факторларын ескере отырып техникалық куәландырудың баламалы әдісін қолдану мәселелері техникалық кеңес өткізілді

Тәуекел факторларын ескере отырып техникалық куәландырудың баламалы әдісін қолдану мәселелері техникалық кеңес өткізілді

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде тәуекел факторларын ескере отырып техникалық куәландырудың баламалы әдісін қолдану мәселелері техникалық кеңесте талқыланды 2026 жылғы 4 ақпанда Астана қаласында мұнай-газ кешенінің қауіпті өндірістік объектілерінде тәуекел факторларын ескере отырып техникалық куәландырудың баламалы әдісін (ТОУФР) қолдану мәселелері бойынша кеңес өтті. Жиын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қ. Есенеевтің төрағалығымен өткізілді. Кеңеске ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілдері, «KAZENERGY» қауымдастығы, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы, сондай-ақ мұнай-газ саласының негізгі ұйымдарының өкілдері, оның ішінде «Теңізшевройл» ЖШС, North Caspian Operating Company N.V., «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Каспий құбыр желісі консорциумы-К» АҚ, КПО және саланың басқа да бейінді компаниялары қатысты. Кеңес барысында «Назарбаев Университеті» ДБҰ дайындаған ТОУФР әдістемесін қолдану тиімділігін талдау нәтижелерінің таныстырылымы ұсынылды. Қатысушылар алынған қорытындыларды, әдістемені іс жүзінде қолданудың практикалық аспектілерін, сондай-ақ оны одан әрі енгізу мен нормативтік қамтамасыз етудің ықтимал тәсілдерін талқылады. Сонымен қатар «Теңізшевройл» ЖШС және North Caspian Operating Company N.V. өндірістік объектілерінің базасында ТОУФР қолдану тәжірибесімен практикалық танысу (пилоттық қарау элементтерімен) мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша тәуекел факторларын ескере отырып қауіпті өндірістік объектілерді техникалық куәландыру тәсілдерін кезең-кезеңімен жетілдіруге бағытталған тиісті шешімдер қабылданды. ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік реттеуді заманауи тәуекелге бағдарланған тәсілдер мен саланың үздік тәжірибелерін ескере отырып жүйелі түрде дамыту жұмысын жалғастырады.