
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Вице-министрі Ерболат Алтынбекұлы Садырбаев пен Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Әлиақпарұлы Есенеев 2025 жылғы 20 желтоқсанда «Karaganda Komir» ЖШС Костенко атындағы шахтада жұмыс сапарымен барды. Нысанда болу барысында вице-министр жерасты қазбаларындағы персоналды орналастыру және іздеу жүйесімен, жерасты объектілерімен радиобайланыс жүйесімен, сондай-ақ аэрогазды бақылау жүйесімен танысты. Сонымен қатар, АСМО медициналық тексеру бөлмесі мен шахта мұражайы қаралды. Жұмыс сапары аясында олар 47к1-З Горизонт +100 (620 метр тереңдікте) лаваға барды. Сапардың мақсаты кәсіпорынның қызметімен танысу және өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін бағалау болды. Сонымен қатар олар өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңестер өткізіп, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Кеңес қорытындысы бойынша кәсіпорындарға өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін жақсарту бойынша шаралар ұсынылды.