Мұнаралы кранды пайдалану кезінде қауіпсіздігі

Мұнаралы кранды пайдалану кезінде қауіпсіздігі

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметін жариялау жөніндегі медиа-жоспарға сәйкес, 1 желтоқсан күні құрылыс алаңында мұнаралы кранды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына тексеру жүргізілді. Тексеру барысында инспектор кранның техникалық жай-күйін бағалап, өндірістік құжаттаманы зерделеді, металл құрылымдарын, арқан элементтерін, электр жабдықтарын және қауіпсіздік жүйелерін қарап шықты. Сондай-ақ көтеру операцияларына қатысатын қызметкерлердің біліктілігі мен рұқсаттарының дұрыс рәсімделуі тексерілді. Инспектор нысанның жауапты тұлғаларына анықталған ескертулерді түсіндіріп, ықтимал қауіп-қатерлерге назар аударды және оларды жою жөнінде ұсынымдар берді. Мұндай шаралар апаттардың алдын алуға және құрылыс алаңдарында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын еске салады және қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша жұмысты жалғастырады