
Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Қарағанды қаласында «Аманат» партиясының облыстық филиалының алаңында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған «Қазақстанның тау-кен саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік: сын-қатерлер, шешімдер, заңнама және инновациялар» тақырыбында конференция өтті.
Іс-шара ағымдағы тәуекелдерді талқылауға, кәсіпорындар арасында тәжірибе алмасуға және өндірісте қауіпсіздікті арттырудың инновациялық тәсілдерін енгізуге арналған салалық алаңға айналды.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары А. Қ. Қалықов пен С. М. Пономарев, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, тау-кен секторының жетекші кәсіпорындары, салалық қауымдастықтар, ғылыми-зерттеу институттары, сондай-ақ Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің өкілдері қатысты.
Пленарлық бөлігі барысында кәсіпорындардың тәуекелдер мониторингінің автоматтандырылған жүйелерін, авариялардың алдын алудың озық әдістерін енгізу, қауіпсіздікті басқаруды цифрландыру, сондай-ақ авариялар мен жазатайым оқиғалар қаупін азайту үшін жасанды интеллект пен заманауи оқыту бағдарламаларын пайдалану жөніндегі баяндамалары тыңдалды. Инженерлік кадрларды даярлау, инновацияларды енгізу және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мемлекет, бизнес, ғылыми қоғамдастық және оқу орталықтары арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі дамыту қажеттігі атап өтілді.
Өткізілген отырыстан кейін конференцияға қатысушылар «Karaganda Komir» ЖШС Көмір департаментінің диспетчерлік орталығына таныстыру сапарымен барды.
Конференция қорытындысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласын нығайтуға, жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіруге және өнеркәсіптік қауіпсіздік шараларын сақтау мәдениетін арттыруға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.