Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекетаралық өзара іс-қимылды дамыту

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекетаралық өзара іс-қимылды дамыту

А.ж. 20 қарашада Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің алаңында Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

         Кездесуде Төтенше жағдайлар министрлігінен жағынан: Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары К.А. Есенеев, Тау-металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының басшысы м.а. М.М. Жумадилов және бас сарапшы І.Н. Абраимов, Министрінің қауіпсіздік кеңесшісі С.Ж. Сарсенбаев қатысты.

         Кездесудің негізгі мақсаты «Ақылды өндіру+ ресурстарды тұрақты дамыту үшін жаңа буын» (SmartMining+) жобасын талқылау болды.

         Келіссөздер конструктивті және іскерлік жағдайда өтті. Екі жақ өнеркәсіптік қауіпсіздікті реттеу саласында тәжірибе алмасты, халықаралық стандарттарды сақтау маңыздылығын атап өтіп, әрі қарай ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді.