Құжаттандыру процестерін регламенттеу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ қызметтік құжаттарды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберу қағидалары бойынша семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 7 қарашада Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы А.Ғ. Ақанеева Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің жеке құрамымен семинар өткізді.

Өткізілген семинар мемлекеттік органдарда құжаттандыру тәртібіне, Әкімшілік іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес жеке және заңды тұлғаларды қарауға, «е-otinish» барлық өтініштерді қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасында өтініштермен жұмыс істеуге арналды. Басты назар құжаттармен жұмыс істеу технологиясын регламенттейтін жоғары тұрған органдарға арналған құжаттарды, іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды және Министрліктің басқа да нормативтік актілерін ресімдеуге аударылды.