2025 жылғы 7–8 қазан күндері Ресей Федерациясының Қазан қаласында ТМД қатысушы мемлекеттерінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі Мемлекетаралық кеңесінің (ӨҚМК) XXIII отырысы өтті. Қазақстан Республикасының атынан бұл іс-шараға Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Рашид Құлтаевич Дубаев қатысты. Кеңес барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, заңнаманы жетілдіру, цифрлық бақылау құралдарын енгізу және мамандарды даярлау мәселелері қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша ӨҚМК-ның 2025–2026 жылдарға арналған жұмыс жоспары бекітілді және ТМД елдерінің қадағалау органдары арасында тәжірибе алмасуды жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстан делегациясының қатысуы әріптестік байланыстарды нығайтуға және мұнай-газ саласында, сондай-ақ өзге де өндірістік салаларда өнеркәсіптік қауіпсіздіктің деңгейін арттыру жөніндегі бастамаларды ілгерілетуге ықпал етті.