Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Р. К. Дубаевтың төрағалығымен өнеркәсіптік қауіпсіздік желісі бойынша облыстардың, құрылымдық бөлімшелері және республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық ТЖД басшыларының қатысуымен жедел кеңес өткізілді.
Кеңесте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер қаралды, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметтің қорытындылары шығарылып, осы саладағы өзекті мәселелер талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша ӨҚК төрағасы Р. К. Дубаев жетіспеушіліктер мен кемшіліктерді атап өтті, сонымен қатар оларды жою және жұмыс тиімділігін арттыру үшін бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді.