Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойғаны белгілі, ол өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар өзгерістер мен толықтыруларды көздейді.
Олардың ішінде:
- Кәсіпкерлік кодексінің қолданысынан шығу және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырудың өзіндік тәртібін қалыптастыру, бұл өндірістегі авариялар мен жарақаттану санын азайтуға және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесіне деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді;
- қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың өзінің нормативтік қызмет мерзімін өтеген техникалық құрылғыларды уақтылы жаңарту жөніндегі міндеті, бұл қауіпті өндірістік объектілердегі тозған жабдықтардың санын азайтуға мүмкіндік береді;
- қауіпті өндірістік объектілерді және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдарда өндірістік бақылау қызметін құру міндеттілігі, бұл бастапқы деңгейде объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне тікелей әсер етуге мүмкіндік береді;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызметін қатаңдататын түзетулер қажетті материалдық-техникалық жарақтандырылуы және тиісті персоналмен жасақталуы жоқ «бір күндік» ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы авариялық-құтқару қызметі саласынан шығаруға бағытталған. Сондай-ақ, заңнамадан «өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметі» ұғымы алынып тасталады, профилактикалық жұмыстарды жүргізу бөлігіндегі норма нақтыланады;
- реттеуші құрал-сайман және (немесе) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талапты енгізгеннен кейін және одан кейін реттеушілік әсерге талдау жүргізу жөніндегі талаптарды алып тастау, бұл өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жедел өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді;
- қауіпті өндірістік объектіде тау-кен, газдан құтқару және атқыламаға қарсы жұмыстарды, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттардың қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау және одан айыру тәртібін енгізу;
- қауіпті өндірістік объектілерге жұмыстардың жекелеген түрлерін беру, бұл «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің және Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының нормаларында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және оларды бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізбестен өндіру жөніндегі жұмыстар бөлігінде қайшылықты жоюға мүмкіндік береді;
- «техникалық құрылғылар», «қауіпті техникалық құрылғылар» және басқалар ұғымдарын нақтылау негізі болып табылады.
Қазіргі уақытта Комитет қабылдаған Заңды іске асыру үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда.
Заңның мәтіні «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған.