Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алматы облысындағы зауытқа барды

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алматы облысындағы зауытқа барды

  2025 жылғы 29 мамырда ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Рашид Дубаев Алматы облысына жұмыс сапары аясында «Азия Агрофуд» АҚ-ға барды. Онда 23 мамырда ұн тарту зауытының элеватор ғимаратында жарылыс болып, кейін өрт орын алған болатын.

  Сапар барысында комитет басшысы оқиға орнын жеке өзі қарап, кәсіпорын басшылығымен және комиссия мүшелерімен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес барасында тергеудің аралық қорытындысы тыңдалды, сондай-ақ салдарын жою жөніндегі ағымдағы шаралар талқыланды.

  Кеңес қорытындысы бойынша Рашид Дубаев комиссияның жұмысын жеделдету, жүргізіліп жатқан барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, объектіде өнеркәсіптік қауіпсіздік шараларының сақталуын бақылауды күшейту сынды бірқатар нақты тапсырмалар берді.

  Қазақстан ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті тергеу толық аяқталғанға және анықталған барлық бұзушылықтар жойылғанға дейін ахуалға мониторинг жүргізуді жалғастырады.