Мемлекет басшысы айқындап берген басым бағыттардың бірі – бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Президент тапсырмасына сәйкес Қостанай облысында заманауи және қолжетімді спорт инфрақұрылымын құру, түрлі жастағы тұрғындарды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға тарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Инфрақұрылым
Соңғы екі жылда өңірде 17 жаңа спорт нысаны салынды:
Спортқа тең қолжетімділікке ерекше мән берілуде. Қостанай қаласындағы «Юбилейный» шағын ауданында заманауи ДШСК ашылып, онда қала тұрғындары волейбол, баскетбол, гандбол, үстел теннисімен айналысып, жаттығу залында тегін спортпен шұғылдана алады. Кешен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы жаттығу құрылғыларымен жабдықталған. Осы санаттағы азаматтар үшін бөлек дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы шешім қабылданды.
Бұқаралық спорт және қадамдық қолжетімділік
Қалаларда, ауылдар мен кенттерде әр жастағы тұрғындарға қолжетімді 53 көпфункционалды спорт және воркаут алаңы орнатылды.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың сөзімен:
«Спорт алаңдары тек қалалар мен аудан орталықтарында ғана емес, әр ауылда болуы керек. Бұл – тең мүмкіндіктер мен жергілікті тұрғындарға деген құрмет мәселесі».
Кәсіби спорт
Бүгінде Қостанай облысының 793 спортшысы әртүрлі спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалар қатарында.
2025 жылғы Қысқы Азия ойындарында өңір атынан 10 спортшы қатысып, олардың жетеуі Қазақстан құрамасының медаль қоржынын толықтырды.
Олимпиадалық спорт түрлерін дамыту бағытында футбол және хоккей академиялары ашылды, «Еңбек резервтері» спорт кешені қайта жаңғыртылуда, үстел теннисі орталығы мен күрес залының құрылысы жүргізілуде.
Жүйелі тәсіл және басқару
Спорт нысандарының тиімді жұмыс істеуі мен секциялық жұмыстың нәтижелілігін арттыру үшін келесі тапсырмалар берілді:
•әр спорт нысаны мен басшы жұмысының тиімділігін талдау,
•спорт түрлері бойынша мекемелер мен секцияларды басқаруда KPI тәсілін енгізу,
•барлық жаңа және жұмыс істеп тұрған нысандарда аудандық және қалалық әкімдіктермен бірлесіп секциялық жұмысты ұйымдастыру.
Жаңа бағыттар – жаңа мүмкіндіктер
«Еңбек резервтері» спорт кешенінің бассейнінде суға секіруге арналған мұнаралар орнатылды. Бұл өңірде жаңа олимпиадалық спорт түрінің дамуына жол ашады. Спорт басқармасына суға секіру жаттықтырушыларын тарту тапсырылды.
Қостанай облысында бұқаралық және кәсіби спортты дамыту жұмыстары жалғасын табады. Бұл – салауатты ұрпақты тәрбиелеуге, спорт резервін нығайтуға және өңірдің әлеуметтік тұрақтылығын арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді мақсат.