Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қостанай облысында ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған кешенді іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Өңірде Ұлы Отан соғысының 10 қатысушысы мен мүгедегі, сондай-ақ ардагерлерге теңестірілген 1949 адам тұрады. Олардың барлығы мерейтойлық жыл бойы әлеуметтік және медициналық қолдауға ие болуда.
Жеңіс күніне орай соғысқа қатысушыларға 5 миллион теңгеден, фашистік концлагерь тұтқындарына – 100 мың теңгеден, қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 60 мың теңгеден, тыл еңбеккерлеріне – 50 мың теңгеден, қаза тапқан ардагерлердің жесірлері мен әйелдеріне – 50 мың теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Бұл төлемдерге бюджеттен жалпы 164,7 миллион теңге бөлінді.
Мамыр айының басынан бастап барлық ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтарға Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табысталды – барлығы 1959 адам.
Ардагерлерге ай сайын әлеуметтік көмек көрсетіледі: соғысқа қатысушыларға – 39 320 теңге, теңестірілген санаттарға – 11 796 теңге.
Санаторийлік-курорттық емдеуге ерекше көңіл бөлінуде. Биыл 356 адамды сауықтыруға 108,7 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, санаторийді өз бетінше таңдаған азаматтардың шығындарын өтеуге 54,4 миллион теңге бағытталды.
7 мамырда Қостанай облысынан делегация Астанада өткен Әскери парадқа қатысты. Делегация құрамына ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және еріп жүргендер кірді.