Қостанай облысының әкімі Қасымхан Алдабергеновті Жеңіс күнімен Мемлекет басшысының атынан құттықтап, мерейтойлық медаль табыс етті

Қостанай облысының әкімі Қасымхан Алдабергеновті Жеңіс күнімен Мемлекет басшысының атынан құттықтап, мерейтойлық медаль табыс етті

9 Мамыр — Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ардагер Қасымхан Алдабергеновтің үйіне барып, арнайы құттықтады.

Кездесу барысында өңір басшысы құрметті ардагерді келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтап, көрсеткен ерлігі үшін терең ризашылығын білдірді. Қазақстан Республикасының Президенті атынан құттықтау хатын оқып беріп, мерейтойлық медаль табыстады.

— Сіз – халқымыздың тірі шежіресісіз. Ерлігіңіз ұрпаққа шабыт береді әрі бейбіт өмір мен еркіндіктің қаншалықты қымбат екенін еске салады. Соғыстан кейін Сіз мәдениет, білім және әдебиет салаларының дамуына үлкен үлес қостыңыз. Сіздің өмір жолыңыз – Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі, – деді Құмар Ақсақалов.

Қасымхан Алдабергенов соғыс жылдарында майдан даласында жауға қарсы шайқасып, елге Жеңіспен оралды. Бейбіт өмірде ол гуманитарлық салада белсенді еңбек етіп, жастарды шығармашылық, поэзия және қоғамдық жұмыс арқылы тәрбиеледі. Оның есімі Қостанай облысында ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінде де кеңінен танымал.

Кездесу соңында облыс әкімі ардагерге көрсеткен ерлігі үшін алғысын білдіріп, мықты денсаулық, ұзақ öмір тіледі. Сондай-ақ жас ұрпақ аға буынның ерлігі мен үлгісін ұмытпай, әрдайым қастерлейтініне сенім білдірді.

Қостанай облысында Жеңіс күні аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Мемлекет басшысының атынан құттықтау хаттар мен мерейтойлық медальдар табыстау жалғасуда.