Сіздерді мемлекеттік мереке — Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ата-бабаларымыздың ерлігіне тағзым етіп, бүгінде ел тыныштығын күзетіп жүрген жандарға алғыс білдіретін маңызды күн.
Мемлекет басшысы атап өткендей, қуатты армия мен отансүйгіштік – егемендігіміздің негізгі тірегі.
Ардагерлерге, Қарулы күштер қатарында қызмет етіп жүрген сарбаздар мен офицерлерге, полиция, ТЖМ, Ұлттық ұлан қызметкерлеріне алғыс айтамын. Сіздердің әрқайсыңыз еліміздің қауіпсіздігіне үлес қосып келесіздер.
Баршаңызға және отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық пен жарқын болашақ тілеймін!
Құмар Ақсақалов
Қостанай облысының әкімі