Азық – түлік қауіпсіздігі - ұлттық әл-ауқаттың негізгі құрамдас бөлігі» мақаласы

Азық – түлік қауіпсіздігі - ұлттық әл-ауқаттың негізгі құрамдас бөлігі» мақаласы

1. 2025 жылғы егіс науқаны.

Ағымдағы жылы облыста көктемгі егіс алқабы 5,1 млн. га құрайды.

Дәнді дақылдарды 4,2 млн. гектарға, майлы дақылдарды 755 мың гектарға егу жоспарлануда.

Халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік маңызы бар дақылдар алқаптарының қажетті көлемі, оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы картоп - 5,5 мың га, қарақұмық – 21 мың га көзделген.

Ағымдағы жылы егуге 818,8 мың га өңделген парлар бар. Күзгі топырақты өңдеу 1 млн. 342 мың гектар алқапта жүргізілді, қар ұстау 843,5 мың гектарға жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы құрылымдары тұқыммен және жанар-жағармаймен қамтамасыз етілген. Егіс техникасы жұмысқа дайын. 514,2 мың тонна тұқым бар. Облыста көктемгі дала жұмыстарына 72,8 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге отын 1 литрі 254 теңгеден сатылады (2024 жылы – 79,6 мың тонна, 1 литрі 250 теңгеден).

Егіс науқанына 19,2 мың трактор, 22,2 мың сепкіш, 1,3 мың егіс кешені қатысады.

Аграрлық несие корпорациясы арқылы жеңілдетілген кредит беру бағдарламалары бойынша облысқа 84,1 млрд. теңге («Кең Дала», «Кең Дала 2» бағдарламалары), Азық – түлік келісім шарт корпорациясы бойынша - 7 млрд. 350 млн. теңге (форвардтық сатып алу) бөлінді.

Техниканың, агрегаттардың болуы және тұқыммен, жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуі және жеңілдікті қаржыландыру егіс науқанын оңтайлы мерзімде, 15-16 күн ішінде жүргізуге мүмкіндік береді.

2. Ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету.

Облыстың ішкі нарығы өз өндірісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерімен толығымен дерлік қамтамасыз етілген.

Жергілікті өндіріс есебінен 10 атау бойынша қажеттілік толығымен жабылады: ұн, макарон өнімдері, нан, сиыр еті, сүт, жұмыртқа (тауық еті), картоп, күнбағыс майы, құс еті, қарақұмық жармасы.

6 атау бойынша ішінара жергілікті өндіріс және сырттан әкелу есебінен - сары май, ашытылған сүт өнімдері, ірімшіктер мен сүзбе, сәбіз, қырыққабат, пияз. 

3 атау бойынша тұз, қант және күріш басқа облыстардан әкелінеді немесе импортталады.

2024 жылы 429 млрд. теңге сомасына азық-түлік өнімі өндірілді.  Өткен жылмен салыстырғанда жарма бойынша өнім өндірісінің өсуі 6,4 есеге (6,9 –дан 44,3 мың тоннаға дейін), қатты ірімшік өндірісінде – 34,6%–ға (107-ден 144 тоннаға дейін), ет консервілерінде - 27%-ға (744-тен 945 тоннаға дейін), өсімдік майында - 17,1%-ға (30,2-ден 35,4 мың тоннаға дейін), қоюландырылған сүт 5,7%-ға (2 106-дан 2 226 тоннаға дейін) байқалады.

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында облыстың қайта өңдеу кәсіпорындары 104,9 млрд. теңге сомасына азық-түлік өндірді (өсім 19,4%-ға). Азық-түліктің нақты көлем индексі  110,3% құрады.

Ұн бойынша өндірістің 4,8%-ға (252,2 мың тоннадан 264,3 мың тоннаға дейін), өсімдік майы 49,6%-ға (7,6 мың тоннадан 11,4 мың тоннаға дейін), консервілер 14,4%-ға (278 мың тоннадан 318 тоннаға дейін), йогурттар 3,2%-ға (7,7 мың тоннадан 8 мың тоннаға дейін) балмұздақ 7,8% (410 тоннадан     442 тоннаға дейін) өсуі тіркелді.

2024 жылы агроөнеркәсіптік кешеннің ауыл шаруашылығы өнімінің импорты 397 млн. АҚШ долларын құрады (оның ішінде азық-түлік импорты 242 млн. АҚШ құрады).

Сүт өнімдерін импорттық жеткізу 34%-ға, ет өнімдері 9%-ға, өсімдік майы 3%-ға, қант 6%-ға, дәнді дақылдар 29%-ға, жұмыртқа 80%-ға қысқарды.

Статистика деректері бойынша 2024 жылы 645,7 млн. АҚШ долларынан астам сомаға ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды (оның ішінде 417,7 млн. АҚШ доллары өңдеу кәсіпорындарының өнімдері).

Ауыл шаруашылығы өнімі экспортының негізгі үлесі бидай ұны 813,5 мың тоннаны, сүт өнімі 9,7 мың тоннаны, картоп 9,2 мың тоннаны, жарма 5,1 мың тоннаны, күнбағыс майы 7,5 мың тоннаны, ет 2,2 мың тоннаны, макарон өнімдері 3,2 мың тоннаны құрайды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 56,1 млн. АҚШ доллары сомасына ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды,  бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 40%-ға артық (оның ішінде 32,4 млн. АҚШ долларына азық-түлік өнімі жөнелтілді).

Агроөнеркәсіптік кешеннің ауыл шаруашылығы өнімі 23,2 млн. АҚШ доллар сомасына импортталды. Сүт өнімдерін жеткізу 22%- а, ет өнімдері 6%-ға, дәнді дақылдар 95%-ға, жұмыртқа 75%-ға қысқарды.