Облыс әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Облыс әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Қостанай облысының әкімдігі Қостанай облысының әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, онда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелердің бірі қаралды.             

Жол-көлік оқиғаларын азайту, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар мен, өңірде 2024 жылдың қорытындысы бойынша айтарлықтай қаражат бөлінуіне қарамастан жол-көлік құқық бұзушылықтарының өсуі байқалады.

Өңір басшысы бірқатар өңірлердің әкімдерін, мүдделі органдарды тыңдап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ, қалалар мен аудандар әкімдерінің назарын көлік инфрақұрылымын құруға аударды.

Қостанай облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаментіне облыстан Полиция департаментімен, Қостанай қаласының әкімдігімен бірлесіп, Облыс орталығының жол инфрақұрылымын жаңғыртудың 2025-2030 жылдарға арналған жол картасын әзірлеу тапсырылды.