Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1 Мамыр – бұл Отанға деген сүйіспеншіліктің, келісім мен бірліктің нышаны. Бұл мереке еліміздің басты құндылығы – түрлі этностардың біртұтас халыққа айналған ынтымағын еске салады. Қазақстандықтардың достығы, өзара түсіністігі мен бірлігі – мемлекеттің дамуына негіз болған басты факторлар.
Қостанай облысы әрдайым татулық пен этносаралық келісімнің үлгісі болып келеді. Өңірімізде 50-ден астам ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп, әрқайсысы ел мен аймақтың өркендеуіне өзіндік үлес қосуда.
Біздің ортақ болашағымыз – өзара құрмет, бірлік пен Отанға деген сүйіспеншілікке негізделген. Әр шаңырақта бейбіт өмір, жылылық пен болашаққа деген сенім орнасын!
Ізгі ниетпен,
Қостанай облысының әкімі
Құмар Ақсақалов