Мессенджерлерде Қостанай облысының әкімі бейнеленген жалған видео таратылуда. Онда облыс әкіміне қауіп төніп тұрғаны жөнінде айтылған-мыс. Аталған видео жасанды интеллект көмегімен жасалған.
Бұл жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша Қостанай облысы әкімдігі құқық қорғау органдарына ресми түрде өтініш жолдады.
Зиянкестер анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Азаматтарды жалған ақпарат таратқаны үшін заң алдында жауап беретінін ескертеміз және ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге шақырамыз.
Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі