Құрметті қостанайлықтар!

Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Пасха – рухани тазарудың, үміт пен мейірімнің символы. Бұл жарқын мереке адамды жақсылыққа ұмтылуға, ізгі істер жасауға, айналасына қамқорлық танытуға үндейді.

Биыл Пасха мерекесін христиан дінінің түрлі бағыттары бір күнде атап өтуде. Бұл – бірлік пен өзара түсіністіктің ерекше көрінісі. Қазақстанның басты құндылығы – этносаралық және конфессияаралық келісім. Біздің өңірімізде де әртүрлі ұлттар мен діни конфессия өкілдері бір-біріне құрметпен қарап, ортақ Отанымыздың игілігі үшін еңбек етіп келеді.

Отбасыларыңызға бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін. Рухани байлық пен өзара сыйластық жолындағы бірлігіміз нығая берсін!

Ізгі ниетпен,
Қостанай облысының әкімі
Құмар Ақсақалов