Қостанайлық спортшы қыздар Мәскеуде өткен Софья Очигаваның жүлдесіне арналған VII халықаралық бокс турнирінде үздік нәтиже көрсетті. Турнирге 13 жастан 40 жасқа дейінгі 300-ден астам спортшы қатысты.
54 келі салмақ дәрежесінде Рамина Маханова чемпион атанды. Оны жарысқа Руслан мен Темірлан Чемурзиевтер дайындады.
Қола жүлдені жеңіп алғандар:
• Анэля Наурузбаева (46 кг, жаттықтырушысы – Нұрхан Жолғасбеков);
• Мәдина Нұрманова (66 кг, жаттықтырушысы – Темірлан Чемурзиев).
Барлық спортшы қыздар Қостанай қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері.