2025 жылғы 14 наурызда Қостанай облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың атынан ауызашар берілді, оған еңбек ардагерлері, үлкен әулетке ұйытқы болып отырған ақсақалдар мен көпбалалы аналар, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт, дін және еңбек салалары мамандары, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері шақырылды.
Облыс әкімі Қ.І. Ақсақалов жиналғандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, Мемлекет басшысының атынан беріліп отырған ауызашардың зор мәнін және туған елдің мәдениеті мен тарихын, ана тілі мен ата-баба дәстүрін құрметтейтін еліміздің нағыз патриот азаматтарын тәрбиелеуде ерекше орын алатынын, атап өтті.
Биыл Наурыз мейрамы Рамазан айына тұспа-тұс келіп отыр. Наурызнама онкүндігі аясында бүгін облысымызда «Көрісу күні – Амал мерекесі» атап өтілді және осы күнде ниет етіп ораза ұстаған жандарға ауызашар өткізіліп отырғанын, сонымен қатар Рамазан айы - рухани жетілу, ел бірлігін нығайту, ынтымақ, ізгілік пен мейірімділік мерекесі екенін атап өтті!