Сауда - әлеуметтік-экономикалық өсудің факторы

Сауда  - әлеуметтік-экономикалық өсудің факторы

Біздің өңір – экономикалық және өнеркәсіптік әлеуеті жоғары, қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі.
2024 жылдың қорытындысы бойынша, Костанай облысында бөлшек сауда көлемі 11,7%-ға өсіп, 691,2 млрд теңгені құрады, ал көтерме сауда 10,4%-ға артып, 1 165,8 млрд теңгеге жетті. Ішкі сауда көрсеткіштері оң динамиканы көрсетіп, 12,0%-ға өсіп, 1,8 трлн теңгеден асты (2023 жылы – 1,6 трлн теңге).

Өңірдің сыртқы сауда айналымы 4,7 млрд АҚШ долларын құрады. Тауар айналымының құрылымында экспорттың үлесі 33,8%, импорттың үлесі 66,2% құрайды. Бұл ретте, облыстың экспорты 1,6 млрд АҚШ долларына, ал импорты 3,1 млрд АҚШ долларына тең болды. Облыста шетелдік қатысуы бар 1 175 кәсіпорын жұмыс істейді.

Өңір экономикасы тұрақты өсімді көрсетуде және оның әрі қарай дамуын қамтамасыз ету мақсатында ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда. Өткен жылы өңірдің өнеркәсіптік секторында жалпы инвестиция көлемі 136 млрд теңге болатын 9 ірі жоба іске қосылып, 1,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл жобалар машина жасау, металлургия, жеңіл өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен салаларын қамтиды.

Мысалы, өнеркәсіптік кооперация аясында автокөлік өндірісінде (ЖШС «СарыарқаАвтоПром») Чехияның SKODA, Қытай Халық Республикасының HONGQI, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының «Узавтосаноат» өнеркәсіптік концерндерімен серіктестік орнатылды. Жалпы инвестиция көлемі 38,7 млрд теңгені құрап, зауыттың өндірістік қуаты жылына 50 мың автомобильді құрайды, сонымен қатар 650 жаңа жұмыс орны ашылды.

2025 жылы жалпы инвестиция көлемі 286,8 млрд теңге болатын және 3,4 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 9 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Аталған жобалардың ішіндегі ең ірілері өңір үшін басым саналатын машина жасау және металлургия салаларында жүзеге асырылады.

Мәселен, өңірде толық циклді KIA автокөлік өндіру зауытын салу жобасы іске асырылады. Бұл жоба өңірдің экономикалық дамуына оң әсер етіп, экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Жобаның жалпы инвестициясы 90 млрд теңгені құрап, зауыттың өндірістік қуаты жылына 70 мың автомобильді құрайды және 1 500 жаңа жұмыс орны ашылады.

Автокөлік өндірісі саласындағы тағы бір маңызды жоба – автокомпоненттер өндіретін Локализациялық орталықтың (ЖШС «TEHNOPARK KZ») құрылысы. Бұл жоба негізінен қазақстандық автозауыттарға өнім жеткізуді қамтамасыз етеді, оның ішінде KIA зауытына да. Жоба шағын өнеркәсіп аймақтарын құру бағдарламасы аясында жүзеге асырылады, оның ерекшелігі – алаңда отандық шағын және орта бизнес субъектілерінің өндірістерін орналастыру. Бұл жоба импортты алмастыру және өндірісті терең локализациялау мақсатында іске қосылуда.

Сонымен қатар, биыл металлургия саласында екі ірі жобаны (ЖШС «KamLit KZ») іске қосу жоспарлануда:

  • жетекші белдік редукторларын шығару,
  • жүк көліктеріне арналған белдік арқалықтарын тереңдетілген локализациямен өндіру.

Өндірістік қуаты:

  • 74 мың редуктор,
  • 90 мың белдік арқалық,
  • жалпы инвестиция көлемі – 160,5 млрд теңге,
  • 650 жаңа жұмыс орны ашылады.

Бұл жобалар өндіріс көлемін арттырып қана қоймай, шығарылатын өнім түрлерінің кеңеюіне ықпал етеді.

Сонымен қатар, алдағы жылдары өңірде үш перспективті жоба жүзеге асырылмақ. Олар – металды терең өңдеу және өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға бағытталған.

Атап айтқанда:

  1. Ыстық брикеттелген темір өндіру зауытының (АҚ «ССГПО») құрылысы – өндірістік қуаты 4 млн тонна, жобаның құны – 920 млрд теңге, 1,1 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

  2. Болат құю зауытының (ЖШС «CASPIAN STEEL QZ») құрылысы – өндірістік қуаты жылына 1 млн тонна, жоба құны – 308 млрд теңге, 600 жұмыс орны құрылады.

Бұл жобалар шикізатты өндіруден бастап, оны өңдеу және дайын өнімді шығару бойынша толық технологиялық циклді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Өндіріс көлемінің артуы мен жаңа өнім түрлерінің шығуы логистикалық инфрақұрылымның дамуын қажет етеді. Осыған байланысты, Қостанай қаласында жалпы құны 37 млрд теңге болатын «құрғақ порт» көлік-логистикалық кешенін салу жоспарланған. Жобаның қуаты – жылына 400 мың контейнер, 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Өңірдің тиімді экономикалық-географиялық орналасуын ескере отырып, бұл жоба халықаралық логистикалық хаб құруға мүмкіндік береді.

Жалпы, облыс бойынша жалпы инвестиция көлемі 2,3 трлн теңгеден асатын 45 инвестициялық жоба іске асырылуда, нәтижесінде 10,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Қостанай облысы – түрлі экономикалық салаларға инвестиция салуға қолайлы өңір. Өңірдің географиялық орналасуы, дамыған инфрақұрылымы, бай табиғи ресурстары және қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіп секторы инвесторлар үшін тартымды мүмкіндіктер ұсынады.

 

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Әбенов А.Т.-ның "Костанайские новости" газетіне берген сұхбаты
Редакцияның фотосы