Мемлекет басшысы спорттың қолжетімділігін арттыруды басты міндет ретінде айқындады. Қостанай облысында әр бала өз әлеуетін толық жүзеге асыра алуы үшін қысқы спорт түрлерін дамыту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.
Хоккейді дамыту
Балалар хоккейін дамыту – өңірдегі басты бағыттардың бірі. Қазіргі таңда «Рысь» хоккей академиясында 5 пен 12 жас аралығындағы 120 бала тегін жаттығуда. Олар үшін барлық жағдай жасалған: заманауи мұз айдыны, кәсіби жаттықтырушылар және сапалы спорттық жабдықтар. Биыл ауылдық жерлерде екі жабық хоккей кортының құрылысы аяқталып, шалғайдағы балалар үшін спортпен айналысу мүмкіндігі кеңейеді.
Қысқы спорт түрлеріне арналған инфрақұрылым
Хоккейден бөлек, өңірде 7 қысқы спорт түрі дамып келеді:
•шаңғы жарысы,
•шорт-трек,
•коньки тебу спорты,
•керлинг,
•мәнерлеп сырғанау,
•биатлон.
Бүгінде бұл спорт түрлерімен айналысу үшін қажетті инфрақұрылым бар:
•3 мұз сарайы,
•коньки тебу стадионы,
•36 шаңғы базасы,
•77 хоккей корты.
Кәсіби спортшыларды даярлау
7-14 ақпан аралығында Харбинде өтетін қысқы Азия ойындарында Қостанай облысының намысын 10 спортшы қорғайды:
•3 шаңғышы,
•4 конькиші,
•1 шорт-трекші,
•2 керлингші.
Спортшылардың дайындығына жоғары деңгейде көңіл бөлініп, 70,3 млн теңгеге заманауи жабдықтар сатып алынды.
Спорт – бұл тек жеңіс пен рекорд емес. Ол – мінез, тәртіп және биік мақсаттарға ұмтылу. Қолжетімді спорт инфрақұрылымын дамыту – Қазақстанның болашақ чемпиондарын тәрбиелеуге жасалған маңызды қадам.