Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірімізден сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге Альберт Рау, Екатерина Смышляева, Берік Бейсенғалиев және Еркін Әбіл қатысты.
Кездесу барысында 2024 жылдың қорытындылары шығарылып, болашаққа жоспарлар талқыланды. Облыс әкімі Қостанай облысының тұрақты даму жолында екенін атап өтіп, экономика, әлеуметтік сала және инфрақұрылым бойынша маңызды жобалардың сәтті жүзеге асып жатқанын айтты.
Мәжіліс депутаттары өңірде болып жатқан оң өзгерістерге жоғары баға беріп, бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Олар облыстың мүдделерін республикалық деңгейде қорғауға, маңызды міндеттерді шешуге және өңірге қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді.
Мұндай кездесулер өңір мен оның республикалық деңгейдегі өкілдері арасындағы өзара байланысты нығайтып, облыс мүдделерін тиімді ілгерілетуге және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.