Облыстың ауылдық елді мекендерінде жаңа су құбырларын іске қосу

Облыстың ауылдық елді мекендерінде жаңа су құбырларын іске қосу

Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов бірнеше ауылдық елді мекенде су құбырларын салтанатты түрде іске қосу шарасына қатысты. Бұл – Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылға дейін ауыл халқын 100% сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясындағы маңызды қадам.

2024 жылы облыста 77 сумен жабдықтау жобасын жүзеге асыруға 20,2 млрд теңге бөлінді. Осы жобалардың арқасында 50 ауыл сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 15 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталса, 41 ауылға блок-модульдер мен тасымалданатын суды тарату пункттері арқылы су жеткізілді.

Биыл Қостанай ауданында бес елді мекенде су құбырларының құрылысы аяқталды:

  • Александровка,

  • Московское,

  • Садовое,

  • Енбек,

  • Талапкер.

Нәтижесінде 4,5 мыңнан астам тұрғын алғаш рет орталықтандырылған су жүйесіне қосылды.

Бүгін сондай-ақ келесі елді мекендерде су құбырлары іске қосылды:

  • Қарабалық ауданының Боскөл ауылында,

  • Қамысты ауданының Адаевка және Бестөбе ауылдарында.

Аталған жобалардың жалпы тиімділігі — 3 мыңнан астам тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

Құмар Ақсақалов бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті. Келесі жылы Қостанай ауданындағы Октябрьское және Константиновка ауылдары орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылады. Сондай-ақ Нечаевка мен Рыспай ауылдарында су құбырларының құрылысы аяқталып, Лиманное ауылында жаңа су жүйесінің құрылысы басталады.

«Жаңа су құбырларының іске қосылуы — бұл тұрғындар үшін маңызды оқиға. Әр үйде су болуы — жайлы әрі лайықты өмір сүрудің кепілі. Біз ауылдық аумақтардың дамуына ықпал ететін жағдайлар жасаудамыз, сондықтан адамдар өздерінің туған ауылдарында қалып, өмір сүруге ұмтылатын болады», — деп атап өтті өңір басшысы.

Іс-шараның соңында Құмар Ергібайұлы тұрғындарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, баршаға зор денсаулық, бейбіт өмір және амандық тіледі.