Қостанай облысында көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

Қостанай облысында көктемгі дала жұмыстары қарқын алды

Бүгін Қостанай облысына жұмыс сапарымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келді. Сапар барысында, министр аймақтағы дала жұмысымен танысты.
Биыл көктемгі дала жұмыстары ауқымды жерде жүргізіліп жатыр. Дәнді дақыл алқабы былтырғы межеде сақталса, майлы дақыл алқабы 13,7 пайызға ұлғайтылды.
Әлеуметтік маңызы бар қарақұмық (20 мың га), картоп (4,9 мың га) іспетті егіс алқаптарының көлемі де ұлғайған. Сонымен қатар, мал азығына арналған алқап та 95 мың гектарға кеңейген.
Бүгінгі таңда көктемгі дала жұмысының төрттен бір бөлігі еңсерілді. Ауыл шаруашылығы серіктестіктері жұмыс қарқынын одан әрі арттырып, тәуліктік межені еселей түсуді көзеп отыр. Осы мақсатта, қолдағы бар техника егіс алқабына жұмылдырылған.
Мемлекет тарапынан шаруаларға жан-жақты қолдау көрсетілуде: ЖЖМ жеткілікті мөлшерде жеткізіліп,минералды тыңайтқыштарды жеткізу бойынша келісімдер жасалған, қазірдің өзінде оның басым бөлігі шаруаларға жеткізілген.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов ауқымды көмектің арқасында көктемгі дала жұмыстарының мерзімінде аяқталатынын жеткізді. Жалпы, биыл жақсы өнім алу үшін барлық жағдай жасалған.
Егіс науқанының барысын бағалаумен қатар, Айдарбек Сапаров облыс басшылығымен және шаруалармен бірқатар кездесулер өткізді. Кездес барысында өңірдің ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ диқандардың алдында тұрған проблемаларды шешу жолдары талқыланды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Қостанай облысындағы егіс науқанының барысын жоғары бағалап, өңірдің биыл жақсы нәтижелерге қол жеткізетініне сенім білдірді.