Қостанай облысы республикада алғашқылардың бірі болып өлген мал иелеріне өтемақы төлеп жатыр

Қостанай облысы республикада алғашқылардың бірі болып өлген мал иелеріне өтемақы төлеп жатыр

Жергілікті атқарушы органдар су тасқынынан зардап шеккен мал иелеріне келтірілген зиянды өтеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Қостанай облысы республикадағы су тасқыны салдарынан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне өтемақы төлеуді бастаған алғашқы өңірлердің бірі болды.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 102 миллион теңгеден асатын 780 бас малға төлем жүргізілді. Төлем процесі ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі әзірлеген алгоритмге сәйкес жүзеге асырылады.

Су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған аймақтарда шығынды, оның ішінде малға келтірілген шығынды бағалау үшін арнайы комиссиялар жұмыс істейді. Комиссиялардың құрамына аудандық ветеринария қызметінің мамандары енгізілген, олар оқиға орындарына барып, өлген малдың санын анықтап, мал өлекселерін зарарсыздандыру бойынша жұмыстарды атқарады.

Комиссиялар сонымен қатар мал иелеріне шығынды өтеу туралы өтініш беру үшін қажетті құжаттарды жинауға көмектеседі.

Жергілікті органдар мал иелері мен шаруа қожалықтарын өлген мал үшін төлемдер мен өтемақылар алу үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгінуге шақырады.

Өтініштерді қабылдау және төлемдер жалғасуда.