ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНДЕ СУ ТАСҚЫНЫНАН КЕЙІН ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛІП ЖАТЫР

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНДЕ СУ ТАСҚЫНЫНАН КЕЙІН ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛІП ЖАТЫР

Су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерді электрмен жабдықтауды қалпына келтіру облыстық жедел штабтың тұрақты бақылауына алынған.

Бүгінгі таңда облыстың оңтүстік өңірінде 37 елді мекеннің ішінен 23 елді мекенде электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді. Қалған ауылдарда қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Аталған ауылдарды электр жарығына қосу қиындық келтіріп отыр, себебі электр бағандары су астында, ал арнайы техниканы ол жаққа өте алмайды.

 Жер құрғап, жол ашылғаннан кейін жөндеу жұмыстары бірден жүргізілетін болады. 

Қазіргі уақытта Екіді ауылы мен Тәуелсіздік қосалқы станциясында электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Кабельдік арналар кептіріліп, кабель төсеу үшін науаларды ашу жұмыстары  жүргізілуде. Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру үшін 35-ке жуық адам және 20 арнайы техника жұмылдырылған.

Сондай-ақ, электрмен жабдықтаудың барлық схемасын сәйкестендіру бойынша компанияларды тарту жоспарлануда. Жергілікті тұрғындардың жағдайын ескере отырып, мердігерлік ұйымдар үшін жұмыс істеу мерзімі қысқарады.