ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛДАР МЕН КӨПІРЛЕР СУ ТАСҚЫНЫНАН КЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛІП ЖАТЫР

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛДАР МЕН КӨПІРЛЕР СУ ТАСҚЫНЫНАН КЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛІП ЖАТЫР

Бүгінде Әулиекөл – Жалдама тас жолының 161 шақырымында көпірдің апат жағдайына байланысты Дәмді өзені арқылы балама жол жасалуда. Учаскеде 10-нан астам мамандандырылған техника (самосвал, жүк тиегіш, автогрейдер) жұмыс істеп, 4 мың тоннадан астам сусымалы материал жеткізілді.

Сондай-ақ, қазіргі таңда Жангелдин ауданына «Арқалық-Торғай» тас жолында екі жерде жол төсемінің жарылуына байланысты баламалы көлік қозғалысы ашылды. Бұл аумақтарда мердігер «Алюминстрой» ЖШС қалпына келтіру жұмыстарын бастады. 20-дан астам техника (самосвал, тиегіш, экскаватор) жұмылдырылды. Сумен шайылған учаскеге 500 текше метрден астам инертті материал төселген.

«Торғай – Шиелі – Аралкөл» облыстық жолының бойынан Жангелді ауданына балама жол ашылды. Қазіргі уақытта бұл бағытта Әулиекөл және Қамысты аудандары арқылы жүруге болады.