ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРІЛДІ

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРІЛДІ

Арқалық қаласының әкімдігінде қалаға көшуге және пәтер сатып алуға ниет білдірген Екідін және Қызылжұлдыз ауылдарының тұрғындарынан 24 өтініш келіп түсті. Бүгінгі таңда 24 пәтер сатып алуға шарттар жасалды, 16 сәуірде жалпы сомасы 317 миллион 183 мың теңгеге қаражат аударылды. Алғашқы тұрғындардың пәтерлерге келуі ағымдағы жылдың 17 сәуірінде басталды. Қалаға көшкісі келетін ауыл тұрғындарынан өтінімдерді қабылдау жалғасуда.