Уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан барлық тиісті іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Айта кетсек, су басқан аумақтардағы сумен жабдықтау обьектілерінін жұмысына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі, сондай-ақ эвакуациялық пункттердегі суды дайындау және зарарсыздандыру технологиясын бақылау күшейтілді.
Ауыз су мен азық-түлік өнімдеріне санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг ұйымдастырылды. Өңірдегі қауіпті аймақтарда 300-ден астам сынама зерттелді, сәйкессіздіктер анықталған жоқ.
Сонымен қатар, сібір жарасы мен мал қорымдары ветеринариялық қызметтердің ерекше бақылауында.
Бүгінгі күні Тобыл өзенінің бойында немесе өзенге жақын су басқан жерлерде сібір жарасының ошақтары анықталмаған. Облыс тұрғындары үшін бұл мәселеге алаңдауға негіз жоқ.
Жалпы, Қостанай облысында ағымдағы кезеңге санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өткен жөн. Су тасқынына байланысты ішек инфекциялары, А гепатиті және басқа да вирустық инфекциялар тіркелген жоқ.